Елімізде 2010 жылы құс етінің өндіріс көлемін 88 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -  Елімізде 2010 жылы құс етінің өндіріс көлемін 88 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда.

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатында өткен «Қазақстанда құс шаруашылығын дамытудың проблемалары мен перспективалары» атты дөңгелек үстел барысында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Ұсынылған мәліметтерге қарағанда, Қазақстанда жұмыртқа өндіруді 2010 жылға қарай 3 млрд. 682,5 млн. данадан   4 млрд. 604 млн. данаға дейін арттыру жоспарланып отыр. Сонымен бірге, құс еті импортының орнын басу болжамдық мәліметтер бойынша 2010 жылы 56 пайызды құраса, 2014 жылы 35 пайыз шамасында болады деп күтілуде. Естеріңізге сала кетейік, 2008 жылы елімізге 132,6 мың тонна құс еті импортталған болатын. Ал соңғы 8 жылда құс етінің Қазақстанға импорты 7 есеге дейін артқан.

 Осыған орай, 2008 жылы құс етінің өндіріс көлемін 88 мың тоннаға дейін көбейту жоспарлануда. Сәйкесінше 2011 жылы еліміздегі құс етінің өндірісі 105 мың тонна, 2012 жылы 122 мың тонна, 2013 жылы 134 мың,  2014 жылы 148 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр. ҚР Сенаты Төрағасының орынбасары Мұхамбет Көпейдің айтуынша, Қазақстанда қазіргі күні жұмыс істеп тұрған қолданыстағы құс фабрикаларының өзі  100 мың тоннаға дейін құс етін бере алады.

Соңғы жаңалықтар