09:23, 22 Маусым 2021 | GMT +6
Елімізде 2 млн 800 мыңнан астам адам коронавирус вакцинасын алды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 2 809 447 адамға коронавирус вакцинасы егілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
22 маусымдағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 2 809 447 адам коронавирус вакцинасының бірінші компонентін салдырды.
Екінші компонентті салдырғандар саны – 1 715 750 адам.