Елімізде 180 мың адам қатерлі ісікке шалдыққан

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Өткен жылдың қорытындысы бойынша елімізде 181 мың адам қатерлі ісікпен тіркеуде тұр. Былтыр тек Алматы қаласында ғана 4 мың адамда онкологиялық ауру анықталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ресми ақпараттарға сүйенсек, 2018 жылы аты жаман аурудан 14 мыңнан астам адам қайтыс болған. Обыр дертінен Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында және Алматы қаласында ең көп науқас көз жұмды.

Солтүстік Қазақстан облысының онкологиялық диспансерінде қазір 10 мыңға жуық сырқат тіркеуде тұр. Мамандардың айтуынша, былтыр 619 адам қайтыс болса, оның екеуі 14 жасқа толмаған балалар.

«Бүгінде тексерілуге келетін адамдардың саны артқан. Осыған орай қатерлі ісікке шалдыққандар саны өткен жылмен салыстырғанда жоғары. Бұл қуантарлық жағдай, өйткені өз өміріне бейжай қарамайтындар көбейген. Ерте сатысында анықтасақ, біз аурудың алдын ала аламыз. Қазір ол үшін емханада бар жағдай жасалған»,- дейді СҚО онкологиялық диспансері бас дәрігерінің орынбасары Олег Дудяк.

Биыл ел қазынасынан профилактикалық скринингтерді өткізуге 4,3 млрд теңге бөлінді.

Соңғы жаңалықтар