Елімізде 15,1 мыңнан астам азамат жұмысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақы алды
2020 жылғы 17 наурыз 11:41

Елімізде 15,1 мыңнан астам азамат жұмысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақы алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 15 137 азамат жалпы сомасы 1,2 млрд теңгеге жұмысынан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлем алатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстанда жұмыссыздарды әлеуметтік қолдау жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және 2005 жылдан бастап енгізілген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен жұмысынан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлем арқылы жүзеге асырылады.

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін төлем жұмыссыз ретінде тіркелген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға тағайындалады. Бұл ретте төлем жүйеге қатысу мерзіміне және соңғы 24 айдағы кірісіне байланысты 1 айдан 6 айға дейін тағайындалады. Ағымдағы жылғы 1 наурызға 15 137 азамат жалпы сомасы 1,2 млрд теңгеге төлем алды, орташа мөлшері 41 418 теңгені құрады», - делінген хабарламада.

Осылайша, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі жұмыс істеген 15 жыл ішінде МӘСҚ-тан төлемнің осы түріне 19,7 млрд теңге бөлінген.


Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT