Елімізде 136 мың адам ревакцинация алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде 136 мың адам ревакцинация алды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халықты КВИ-ге қарсы вакцинациялау жалғасуда. 1-компонентпен 8,8 млн-нан астам адам егілді. Егілуге тиісті ересек халықты қамту 77,8 пайызын құрады. Егілуге тиісті ересек тұрғындардың 72,9 пайызын қамти отырып, екінші компонентпен 8,3 млн-нан астам адам егілді», - деді министр.

Оның атап өтуінше, ел халқын бірінші компонентпен қамту 47,6, екінші компонентпен қамту 43,8 пайызды құрады.

«Ревакцинацияны 136 мың Қазақстан азаматты алды», - деді Алексей Цой.


Соңғы жаңалықтар