Елімізде 121 өрт сөндіру депосын салу қажет - ТЖМ

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Халық саны 10 мың адамнан асатын 188 елді мекеннің тек 150-де мемлекеттік өртке қарсы қызмет бар. Бұл туралы «Азаматтық қорғау саласындағы 2023-2027 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралардың кешенді жоспарында» жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ел аумағын өрттен қорғауды ТЖМ-нің 422 өрт сөндіру депосы жүзеге асырады. Оның ішінде 130 өрт сөндіру депосы жаңғыртуды талап етеді. 317 елді мекен өрттен қорғаумен қамтамасыз етілді, қосымша 121 өрт сөндіру депосын салу қажет.

Халық саны 10 мың адамнан асатын 188 елді мекеннің тек 150-інде ғана мемлекеттік өртке қарсы қызмет бар. Ал, тұрғын саны 5-тен 10 мың адамға дейінгі 195 ауылдық елді мекеннің 85-інде мемлекеттік өртке қарсы қызмет жоқ», - делінген кешенді жоспарда.

Қоса кетсек, ведомство дерегінше, 1970 жылдары шығарылған 500-ге жуық ескі өрт техникасы әлі қолданыста жүр. Сонымен қатар, жұмыс істеп тұрған 63 сейсмикалық станцияның жабдықтары тозған.


Соңғы жаңалықтар