Елімізде 12 мыңнан астам адам балық шаруашылығында жұмыс істейді - министр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев балық шаруашылығы саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Барлық балық шаруашылығы саласының қызметкерлерін, сала ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, адал еңбектері мен жоғары кәсіби шеберліктері үшін шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Мықты денсаулық пен күш-қуат тілеймін», - деп жазды министр Мағзұм Мырзағалиев Twitter -дегі парақшасына.

Оның айтуынша, мемлекет балық шаруашылығы саласының дамуына көптеп көңіл бөлуде. Заңнамалық база тұрақты түрде жетілдіріліп, мемлекеттік қолдау шаралары қамтамасыз етіліп жатыр.

«Сондай-ақ, тауарлық балық өсіруді дамытуға ерекше назар аударып жатырмыз. Бүгін балық шаруашылығы қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өтуде.12 мыңнан астам адам осы салада еліміздегі мыңға жуық кәсіпорындарында еңбек етеді. Азық-түлік пен экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, елдің экспорттық әлеуетін арттыруда балықшылар жұмысшыларының еңбегі зор», - дейді ол.

Бүгінгі таңда Қазақстанда балық шаруашылығы балық өндіруші және көліктік флот, балық өнімдерін қайта өңдеу, балықты жасанды өсіру және балық шабақтарын қайта өндіру мен айналысатын кәсіпорындар болып табылады.
Аталмыш сала елдің азық-түлік және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, оның экспорттық әлеуетін арттыруға үлес қосады . Осыған байланысты мемлекет балық шаруашылығы саласын дамыту мәселелеріне көп көңіл бөліп келеді. Мәселен, заңнамалық база үнемі жетілдірілуде, мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылуда, тауарлы балық шаруашылығын дамытуға ерекше назар аударылуда.

Еске сала кетсек, шілде айының екінші жексенбісі Қазақстанда 2017 жылғы 31 қазандағы Үкімет қаулысымен балық шаруашылығы қызметкерлерінің күні ретінде белгіленді.


Соңғы жаңалықтар