Елімізде 12 мамырдан тағы бірнеше рейс жанданады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Air Astana әуекомпаниясы 12 мамырдан бастап Қазақстанның облыс орталықтарына тұрақты рейстерді қайтадан орындай бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«12 мамырдан Ақтөбе және Қызылордаға Алматыдан, ал 13 мамырдан Нұр-Сұлтаннан қатынайды. Сондай-ақ, 13 мамырдан Алматыдан, ал 14 мамырдан Нұр-Сұлтаннан Өскеменге рейстер орындалады», - делінген компанияның баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Рейстер Airbus A320/A321 және Embraer E190-E2 ұшақтары арқылы орындалады. Басқа қалалардағы әуежайлар ашылғаннан кейін, осы қалаларға рейстер іске қосылатын болады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 11 мамырда Нұр-Cұлтан мен Алматы қалаларынан Қарағанды, Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Көкшетау, Тараз, Талдықорған қалаларына әуе қатынастары жанданады.

Осы орайда тиісті қаулыға Көліктегі бас санитарлық дәрігері Сәдуақас Байғабылов қол қойды.


Соңғы жаңалықтар