+7 (701) 759 90 19
USD 445.84 EUR 490.47
RUB 5.73 CNY 62.87
Jańalyqtar

Елімізде 116 мың отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартты

2020 жылғы 18 ақпан 15:55
Бөлісіңіз:
Елімізде 116 мың отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бес жыл ішінде құрылыс жұмыстарының көлемі 1,5 есе өскен. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Көлгінов: Тұрғын үй кезегіндегілерге жалға берілетін баспана балаларына қалады Тәуелсіздік қарсаңында ақтаулықтар баспаналы болды Қасым-Жомарт Тоқаев: Азаматтарды баспанамен қамту үшін қосымша шаралар қабылданады

«Тұрғын үй секторына инвестиция жыл сайын ұлғаяды. Өткен жылы 1,4 трлн теңге инвестиция салынды, бұл 2018 жылғы деңгейден 16,9 % жоғары», - дейді Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев.

Оның айтуынша, 2019 жылдың қорытындысы бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 13,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.

«Бұл 2018 жылғы деңгейден 4,9 пайызға жоғары. Бағдарламаның жылдық жоспары 100% орындалды. Шамамен 116 мың отбасы, соның ішінде мемлекеттік инвестициялар есебінен 29 мың отбасы өздерінің тұрғын үй жағдайын жақсартты. Биыл біздің алдымызда 14,1 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 130 мыңнан астам тұрғынжай салу міндеті тұр», - дейді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT