Елімізде 100-ден астам әкімшілік және саяси мемлекеттік қызметкерлердің ротациясы жүргізіледі

None
None
АСТАНА. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Елімізде 100-ден астам әкімшілік және саяси мемлекеттік қызметкерлердің ротациясы жүргізіледі.

Бұл туралы бүгін Ақордада өткен кеңесте ҚР Президенті Әкімшілігінің жетекшісі Аслан Мусин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сіздің тапсырмаңызға сәйкес, кадрларды ротациялау бойынша Әкімшілік тиісті ұсыныстар әзірледі. Бұл мәселені зерделеу шаралары 60 вице-министр мен жауапты хатшылардың ішіндегі 18-інде өңірлерде жұмыс істеу тәжірибесі жоқ екенін көрсетті. Ал аймақтық деңгейдегі 329 жетекшілер зейнеткерлік және зейнеткерлікке дейінгі жасқа жетті. Осыған байланысты 100-ден астам орталық органдардың саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерін өңірлерге және өңірлерден орталыққа ротациялау жөнінде ұсыныс енгіземіз»,- деді А. Мусин.

Кадрларды ротациялау бойынша ұсыныстарды Елбасының қолдауын сұраған А. Мусин, « сондай-ақ әкімдерге өңірлік деңгейде басқарушы кадрлар ротациясының жоспарын даярлауды тапсыруды сұраймын. Аталған шаралар өңірлерге мамандық деңгейі жеткілікті жетекшілерді бағыттауға, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік органдардан өңірдегі ахуалдан нақты хабары бар және тиісті жұмыс тәжірибесі бар мамандарды шақыруға мүмкіндік береді», -деді ол Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа қаратып айтқан сөзінде.

Өз кезегінде Мемлекет басшысы орталық органдардың көптеген мамандары мен қызметкерлері өз еріктерімін аймаққа барып жұмыс істеуге ниет білдіргендерін жеткізді. «Мен барлықтарыңызды ескеркім келеді. Алғашқы үйрену кезінде оларға қамқорлықпен қараңыздар. Тұрғын үймен көмектесу керек. Олар жаңа бағыттарды енгізуі үшін мүмкіндік беріңіздер»,-деді Президент.

Елбасы аталған қызметкерлерге қатысты жұмыстар орталықтан бақыланып отыратын жеткізді. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Президент аппараты инспекторларына тиісті тапсырма берді.

«Бұл бір жолғы науқан емес, біз осыны тұрақты түрде жалғастырамыз»,-деп атап өтті Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар