Елімізде 1 текше метр ауыз су үшін халықтың төлемін реттейтін заң жобасы әзірленді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде 1 текше метр ауыз су үшін халықтың төлемін реттейтін заң жобасы әзірленді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауылдардың сумен жабдықталуына мониторинг жүргізу мақсатында интерактивті карта әзірлеп, іске қостық. Онда көптеген параметрлер бойынша нақты жағдай көрсетілген. Орталық және жергілікті атқарушы органдар арасындағы құзыретті бөлу бойынша заң жобасы әзірленді», - деді министр.

Оның атап өтуінше, тізбені бекіту функциясын, сондай-ақ ауыз суға төлем мөлшерін әзірлеу нормаларын бекітуді жергілікті атқарушы органдарға беру жоспарланған.

«Заң жобасында көрсетілген шараларды іске асыру мынадай мүмкіндіктер береді: салынған оқшау жүйелерді тізбеге енгізуді жеделдетеді; өңірлерге ауыз сумен жабдықтауға арналған субсидияны бөлу мен алуды тездетеді; облыс бойынша орташа тариф пен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын ескере отырып, 1 текше метр ауыз су үшін халықтың төлемін реттейді», - деді Бейбіт Атамқұлов.


Соңғы жаңалықтар