+7 (701) 759 90 19
USD 427.41 EUR 519.47
RUB 5.78 CNY 66.38
Jańalyqtar

Елімізде 1 айдың ішінде бензин 6 пайызға қымбаттады

2021 жылғы 4 мамыр 15:26
Бөлісіңіз:
Елімізде 1 айдың ішінде бензин 6 пайызға қымбаттады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бір айда (2021 жылғы сәуірде 2021 жылғы наурызға) баға азық-түлік және азық-түлік емес тауарларына 1 пайыздан, ал ақылы қызметтерге 0,5 пайыз жоғарылады. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы мәлім етті, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомство мәліметінше, бағаның өсуі қызылшаға – 17,1, картопқа – 12, сәбізге – 10,5, күнбағыс майына – 2,7, құмшекерге – 2,5, тауықтың сирағына – 2,3, жаңа жиналған жемістерге – 2, қой етіне – 1,7, ет өнімдеріне – 1,2, жармаларға – 1, шошқа етіне – 0,9, макарон өнімдеріне, шайға, пастерленген сүтке – 0,8, ұнға – 0,7, сиыр етіне 0,6 пайыз мөлшерінде белгіленді. Минералды және ас су – 2, салқындатылған сусындар – 0,9, алкогольды сусындар 0,7 пайыз қымбаттады. Бағаның төмендеуі қиярға – 9,6, апельсиндерге – 1,5, қызанаққа – 1,1, күрішке 0,6 пайыз тіркелді.

Баға өсімі тұрмыстық аспаптарға – 2, жеке қолданылатын тауарларға, шыны және қыш бұйымдарға, құрылыс материалдарына – 0,7, автомобильдерге – 0,6, тоқыма бұйымдарына – 0,5, жуғыш және тазалағыш құралдарға, киім және аяқ киімге 0,4 пайызды құрады. Бензин – 6, ал дизель отыны 0,9 пайызға қымбаттады.

Баға деңгейі монша қызметтеріне – 1,9, санаторийлер қызметтеріне – 1,8, мектепке дейінгі балалар мекемесінің қызметтеріне – 1,2, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне – 1,1, шаштараздар мен сұлулық салондар қызметтеріне – 0,7, интернет желісі қызметтеріне – 0,6, қонақ үйлер қызметтеріне 0,5 пайыз жоғарылады. Жолаушылардың темір жол көлігімен жол жүру ақысы – 0,8, әуе көлігімен 0,9 пайыз қымбаттады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер қоқыс шығаруға 1,2 пайыз жоғарылады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT