+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Елімізде 1,4 млн адамның мойнында салық берешегі бар

2019 жылғы 13 тамыз 17:08
Бөлісіңіз:
Елімізде 1,4 млн адамның мойнында салық берешегі бар

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның қарапайым азаматтары салық органдарына 14 млрд теңге берешек. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев орталық коммуникациялар қызметінде мәлім етті.

Ұқсас жаңалықтар
Валюта айырбастау пункттері 1 ақпаннан бастап жаңа тәртіппен жұмыс істейді 2020 жылы халықаралық экономикаға әсер ететін үш фактор – Le Monde Ақмола облысына 120 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды

Марат Сұлтанғазиевтің айтуына қарағанда, бүгіннен бастап жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық туралы заң күшіне енген

«Бүгіннен бастап жеке тұлғалар үшін салық рақымшылығы туралы құжат күшіне енді. Яғни, салық бойынша берешегі бар азаматтар негізгі берешек сомасын төлеу арқылы, өсімпұлдардан құтыла алады. Рақымшылық жыл соңына дейін жалғасады», - деген комитет төрағасы елімізде 1,4 млн. адамның салық берешегі бар екенін жеткізді.

«Жаңағы 1,4 млн адамның негізгі берешегі 14 млрд теңгеден асады. Ал өсімпұл көлемі - 6,5 млрд теңге. Рақымшылық арқылы осы 6,5 млрд теңге өсімпұлды кешіру көзделген. Заңды тұлғаларға келер болсақ, шағын және орта бизнестің 90 мыңнан астам нысанында салық берешегі болған. Қазір соның 46 пайызы негізгі берешегін өтеді. 18 мың нысанның салық берешегін қайтаруы екіталай. Көбі банкротқа ұшыраған немесе қиын жағдайға тап болған», - деді Марат Сұлтанғазиев.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT