Еліміз үш айда 18,7 млрд доллардың тауарын экспортқа шығарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Еліміз 3 айда 18,7 млрд доллардың тауарын экспортқа шығарды. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алдын ала қорытынды бойынша 2023 жылғы қаңтар-наурызда сыртқы сауда тауар айналымы 13,4 пайызға өсіп, 32,7 млрд долларды құрады. Экспорт 18,7 млрд доллар болды. Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 8,1 пайызға ұлғайып, 5,9 млрд долларға жетті. Тауарлар импорты 14 млрд долларды құрады. Жалпы, оң сауда балансы 4,8 млрд долларға тең», - деді Ұлттық экономика министрі.


Соңғы жаңалықтар