Еліміз өзіңмен мақтанады - ҚР Президенті Геннадий Головкинді жеңісімен құттықтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Геннадий Головкинді @GGGBoxing сенімді жеңісімен құттықтаймын! Біздің боксшымыз орта салмақта IBF және IBO тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы атағын қорғады. Гена өзінің жоғары шеберлігі мен жеңіске деген мықты ерік-жігерін тағы бір мәрте дәлелдеді. Еліміз өзіңмен мақтанады», - деді Президент twitter-де.

Айта кетсек, бүгін IBF/IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1,35 КО) қарсыласы Камил Шереметаны (21-0, 5 КО) техникалық нокаутпен жеңді.

Жекпе-жек Голливудтағы арене Seminole Hard Rock Hotel & Casino аренасында өтті. Геннадий 21-мәрте чемпиондық белбеуін қорғап қалды.


Соңғы жаңалықтар