Еліміз қалаларында ауа сапасы қандай болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі, 21 қазан күні Қазақстан қалаларының басым бөлігінде метеорологиялық жағдай жағымды болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Ақтау, Ақтөбе, Астана, Қостанай, Қызылорда, Көкшетау, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Орал, Өскемен және Шымкент қалаларында ауа сапасы қолайлы болатыны күтілуде.

Ал Атырау қаласында жағымсыз метеожағдай қалыптасатыны болжанады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

 

Соңғы жаңалықтар