Елге жұмыс тауып берумен айналысатын агенттіктердің қызмет көлемі 7 пайызға өсті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде рекрутинг агенттіктерінің қызмет көлемі 7% өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ұлттық статбюроға сілтеме жасап.

2023 жылғы қаңтар-наурызда халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілген қызмет көлемі 123,7 млрд теңгені құрады.

2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қызмет көлемі 7% өсті.

Оның ішінде 1,2 млрд теңгенің қызметін немесе бүкіл көлемнің 1% жеке кәсіпкерлер, қалғанын кәсіпорындар көрсеткен.

Жалпы кадрлық қызметтердің 4,2%, яғни 5,2 млрд тг ауылдық жерде көрсетілген.

Қызметтердің басым бөлігі Атырау (91,8 млрд тг), Маңғыстау (6,3 млрд тг) және Батыс Қазақстан облыстарында (5,1 млрд тг) көрсетілген.

Қызметтердің ең аз көлемі Солтүстік Қазақстан облысында – 58,9 мың тг.


Соңғы жаңалықтар