Елге жасалған қиянат жазасыз қалмауы тиіс - Сағидолда Орынбек
2022 жылғы 11 қаңтар 09:55

Елге жасалған қиянат жазасыз қалмауы тиіс - Сағидолда Орынбек

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Республикалық «Жас сарбаз» жасөспірімдер қоғамдық бірлестігі Ақмола облысы филиалының төрағасы Сагидолда Орынбек халықты ынтымаққа, қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін заңдылық пен құқықтық тәртіпті қалпына келтіру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында Мемлекет басшысы елімізде төтенше жағдай енгізіп, жедел түрде ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясын ұйымдастырды. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық тарихында болмаған қиын, сын кезеңдерде Президентіміздің уақытында қабылдаған, батыл шешімдерін толықтай қолдаймыз», - деді Сағидолда Орынбек.

Сонымен қатар, ол жастарды араңдатушылыққа ермеуге, жаппай тәртіпсіздік кезінде бейбіт адамдар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерін құрбан еткендерді айыптап, елімізге жасаған қиянаттары жазасыз қалмайтындығына сенім білдірді.

«Елімізге, халқымызға жасалған қиянат жазасыз қалмайтыны сөзсіз. Лаңкестік шабуылдардың салдарынан біраз азаматтарымыз қаза тапты. Олардың отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Құрметті жастар, жасөспірімдер! Ғаламтор алаңында мыңдаған ақпараттың арасында адасып қалмай, тек өз мемлекетіміз ұсынып отырған ресми сайттардан ақпараттар алу өте маңызды. Сын сағатта Президентіміздің маңайында топтасып, XXI-ғасырға лайық жаңа демократиялық қоғам құруға, атсалысуымыз керек. Ел бірлігін, мемлекет тұтастығын сақтау тікелей өзімізге байланысты», - деп қосты Сагидолда Орынбек.


Jańalyqtar

MURAǴAT