+7 (701) 759 90 19
USD 425.02 EUR 498.17
RUB 5.85 CNY 65.85
Jańalyqtar

Елге уақытша әкелінген көліктер 30 қыркүйекке дейін шығарылуы керек - комитет

2021 жылғы 26 шілде 18:13
Бөлісіңіз:
Елге уақытша әкелінген көліктер 30 қыркүйекке дейін шығарылуы керек - комитет

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанға уақытша әкелінген автокөліктердің иелері оларды 30 қыркүйекке дейін шығаруы керек, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәлімдеуінше, бұл мерзім Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына шетел яғни үшінші мемлекеттерден жеке тұлғалар өз қажеттілігі үшін уақытша әкелген автомобильдер мен басқа да көлік құралдарына қатысты.

«Аталған мерзім Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 25 шешімімде көрсетілген. Бұл шешім одақтың кеден аумағында болу уақытының пандемияға байланысты 18 айға ұзартылған мерзімін тоқтатты. Осыған дейін одаққа тұрақты тұру үшін көшіп келген шет ел азаматтарының, босқындардың, мәжбүрлі түрде көшіп келушілердің одақтың кеден аумағына баж алымынсыз жеке мүлігінін алып келуге қатысты жеңілдік болған», делінген хабарламада.

Комитеттің түсіндіруінше, көлік 30 қыркүйекке дейін әкетілмеген жағдайда кеден төлемдері мен салық толық көлемде төленуі тиіс.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT