Елге көшіп келген қандастар бірінші кезекте ЖСН рәсімдеуі қажет

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанға көшіп келген соң бірінші кезекте қандай құжатты рәсімдеу қажет? Бұл сұраққа «Отандастар қорының» мамандары жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы шетелдегі этникалық қазақтардан және елге қоныс аударған қандастар тарапынан жиі қойылатын сұрақтарға жауап беретін бейнероликтер топтамасын дайындады.

Кезекті шығарылым елге келгенде ең бірінші рәсімделетін құжаттарға арналды.

«Қазақстанда тұруға немесе Қазақстан азаматтығын алуға келген этникалық қазақтар бірінші кезекте жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алуы қажет. ЖСН - он екі цифрдан тұратын бірегей комбинация. ЖСН алу арқылы Қазақстандағы екінші деңгейлі банктерден шот аша аласыз. ЖСН алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну керек. Айта кетейік, жеке басты куәландыратын құжатты қазақ немесе орыс тіліне аударған кезде аты-жөніңіздің дұрыс жазылғанына көз жеткізіңіз. Себебі ЖСН алғаннан кейін рәсімделетін бүкіл құжаттарда аты-жөніңіз бастапқы аударма бойынша жазылады» делінген видеода.




Соңғы жаңалықтар