Елге келген шетелдіктер туралы уақтылы хабарламағандарға қандай жаза бар

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанға келген шетелдіктер туралы хабар бермегені үшін 17 533 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы ҚР ІІМ Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Аслан Аталықов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Келушілер туралы уақытылы хабар бермегендерге заңмен әкімшілік жауапкершілік көзделген. Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 518-бабы бар. Онда жеке тұлғаларға ескерту, лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл қарастырылған. Орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 15, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады», - деді Аслан Аталықов ІІМ баспасөз қызметіндегі брифинг барысында.

Оның дерегінше, осы жылдың басынан бері келген шетелдіктер туралы дер уақытында хабарламағаны үшін 17 533 қабылдаушы адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Соңғы жаңалықтар