Елге капиталды қайтарудың ынталандыру тетіктерін нақтылау керек – Үкімет басшысы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Премьер-Министр Әлихан Смайылов Қаржы елден заңсыз шығарылған капиталды қайтарудың ынталандыру тетіктерін нақтыладу тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елден қаражаттың заңсыз шығарылуына қарсы пәрменді шаралар қабылдау маңызды міндет болып отыр. Үкімет тиісті заң жобасын әзірлеуде. Осы заң жобасының ережелерінде заңсыз әкетілген капиталды қайтару жөніндегі барлық рәсімдерді регламенттеу қажет», - деді ол.

Премьер-Министр капиталды елден әкетуге жол ашатын себептер мен жағдайларды жою керектігін еске салды.

«Елге капиталды қайтаруды ынталандырудың нақты тетіктерін әзірлеу қажет. Наурызда заң Парламент Мәжілісіне енгізілуі керек», - деді Әлихан Смайылов.


Соңғы жаңалықтар