Елеусіновтің салмағындағы IBF чемпионы келесі қарсыластарын атады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикалық жас боксшы Карло Окампомен (22-1, 13 КО) кездесу нәтижесінде чемпион титулын жеңіп алған, Елеусіновтің салмағындағы IBF чемпионы америкалық Эррол Спенс (24-0, 21 КО)  матчтан кейінгі баспасөз конференциясында мүмкін қарсыластарының атын атады, деп хабарлайды «SPORTINFORM»CAA vringe.com сайтына сілтеме жасап.

«Жылдың соңына дейін тағы бір жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырмын. WBC титулы үшін Шон Портер мен Дэнни Гарсианың арасында кездесудің жеңімпазына қарсы айқас 2019 жылдың бірінші тоқсанына қарай болуы ықтимал. Кит Терман рингке қайтып оралуы мүмкін. Біздің менеджеріміз өзгерген жоқ, сол бұрынғы орында бокстасамыз. Мені тек атақты қарсыластар қызықтырады. Сондықтан міндетті қарсыласым Угаспен емес, Джесси Варнаспен жекпе-жек өткізгім келеді. Бұл жерде сыйластықтың қатысы жоқ. Бар болғаны, Угаспен кездесуден мен үшін еш пайдасы жоқ», - деп мәлім етті боксшы.

Айқас жергілікті футбол командасы (NFL) ойнайтын 12 мың көрерменге лайықталған Dallas Cowboys стадионында өтті. Бұл стадионда кезінде Спенстің өзі де ойнауды армандаған.

Еске салайық, 66,7 келі салмаққа дейінгі боксшы Кроуфорд WBO титулын жеңіп, дивизиондағы барлық белбеулерді өзі иемденетінін айтқанына қарамастан,  кездесу алдында Спенс өзін дивизондағы мықтының мықтысы атаған. Қос чемпион келешекте Данияр Елеусіновке қарсылас атануы мүмкін. 

Соңғы жаңалықтар