Елеусіновтің промоутері WBC-тің экс-чемпионымен айқас туралы айтты
«Санчес келісімге қол қойды. Бірақ оның бізге түсетінін-түспейтінін күте тұруды жөн көрдік. Оны BoxRec Даниярға қарсылас ретінде белгілегенімен, шынын айтсақ, оған әлі күмәніміз бар. Өткен айқастан кейін Данияр Алан Санчес секілді мықты қарсыласқа дайын деп ойлаймын. Әрі қарай қарсыластар мықты бола береді. Санчес тәжірибелі боксшы, сондықтан жекпе-жек жақсы өтуі керек», - деді Елеусіновтің менеджері Зия Алиев.
Айта кетейік, Talking Stick Resort аренасында өтетін Елеусінов пен Санчес айқасы он раундқа жоспарланған.
Олимпиада чемпионы соңғы жекпе-жегін 14 қыркүйек күні өткізіп, америкалық Решард Хиксті (12-1-1, 6КО) бірінші раундта нокаутқа жіберген еді.
Кәсіпқой рингтегі 8-інші жеңісінен кейін Елеусінов әлемдік рейтингте тоғыз сатыға жоғарылап, 161-ден 152-інші орынға жайғасты.