Елеусіновтің промоутері кәсіби рингтегі кезекті кездесуге қатысты пікір білдірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Данияр Елеусіновтың (1-0, 1 КО) промоутері Эдди Хирн Twitter-дегі парақшасында қазақстандық боксшының кәсіби бокстағы кезекті кездесуі туралы жазба қалдырды, деп жазады Sports.kz.

«Жаңа шоу! Люк Уоткинс - Лоуренс Околи - достастық кездесуі, Данияр Елеусіновтың Ұлыбританиядағы дебюті, Белотти - Дойл, Тед Чизмен - Феликс Кэш және өзге де көптеген былғары қолғап шеберлері!» -деп жазды Хирн.

Аталған бокс кеші 6 маусымда Лондондағы York Hall мәдени ойын-сауық орталығында өтеді. Елеусіновтың қарсыласы әзірге белгісіз. Жекпе-жек 6 раундқа созылады.

Айта кеетйік, Данияр Елеусінов кәсіби бокстағы өзінің алғашқы кездесуін Нью-Йоркте Дэниэл Джейкобс (34-2, 29 КО) - Мацей Сулецкидің (26-1, 10 КО) бокс кешінің аясында өткізді. Ол 6 раундқа есептелген кездесудің үшінші раундында америкалық Ноа Кидті (3-1-1, 2 КО) нокаутқа жіберді.

Соңғы жаңалықтар