Елеусіновтің кезекті айқасы қашан және қайда өтетіні белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы, Рио-де-Жанейрода өткен олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (5-0, 3 КО) кәсіпқой бокстағы кезекті жекпе-жегін АҚШ-та наурыз айында өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

27 жастағы боксшының менеджері Зия Әлиевтің айтуынша, Данияр 15 наурыз күні АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы Филадельфия қаласында рингке шығады. Оның қарсыласы әзірге белгілі емес.

Еске сала кетейік, Елеусінов соңғы кездесуін 24 қараша күні Монте-Карлода өткізіп, никарагуалық Маркос Мохиканы үшінші раундта нокаутпен жеңген болатын.

Соңғы жаңалықтар