Елеусінов пен Хикс Нью-Йорктегі жекпе-жек алдында салмақ өлшеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (7-0, 3КО) америкалық Решард Хикспен (12-0-1, 6КО) жекпе-жегі алдында міндетті салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» аккаунтындағы мәліметке сәйкес, Елеусінов таразыда — 147,4 фунт, Хикс 147 фунт көрсетті. Жартылай орта салмақтағы лимит 147 фунтты құрайды.

Айта кетейік, Елеусінов-Хикс айқасы 14 қыркүйек күні Нью-Йорктің (АҚШ) «Madison Square Garden» аренасында өтеді. Қазақ боксшысының менеджері Зия Әлиев Даниярды Дерик Сантос, Гарри Кларк және Даниярдың әкесі Марат Елеусінов дайындап жатқанын және негізгі жаттығулар аяқталғанын мәлім еткен еді.

Кейін бірлескен баспасөз мәслихаты кезінде Елеусінов бокс кеші барысында бар күш-жігерін салатынын атап өтті. «Нью-Йоркке, «Madison Square Garden»-ге, промоутерім Эдди Хирнге және менеджерлеріме «Бокстың Меккесінде» жұдырықтасу мүмкіндігі үшін алғыс айтамын. Мен сіздерге шеберлігім мен ақылымды жұма күні кешкісін көрсететін боламын. Көріскенше!» - деді ол.

Жекпе-жекті Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 14 қыркүйек күні сағат 06.00-де «Хабар» арнасынан көруге болады.

Олимпиада чемпионы профи-рингтегі соңғы кездесуін биылғы 25 мамырда АҚШ-тың Мэриленд штатында өткізді. Ол төрешілердің шешімімен чилилік Лус Норамбуэнаны (3-4-1, 0 КО) жеңді.

Соңғы жаңалықтар