Елеусінов Олимпиадада Головкин сағын сындырған америкалықпен бірге жаттығуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы және Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов әлеуметтік желідегі парақшасында америкалық боксшы Андре Диррелмен бірге жаттығып жатқан суретін жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.

«Олимпиаданың қола жүлдегері және өте жақсы кәсіби боксшы Андре Диррелмен бірге. Кездескеніме қуаныштымын!», - деп жазды Данияр Instagram-ға жүктеген суретінің астына.

Қазір қазақстандық келесі қарсыласы, никарагуалық Маркс Мохикамен бірге алдағы айқасына дайындалып жатыр. Бұл жекпе-жек 24 қарашада өтеді.

Диррелл Олимпиада-2004-тің жартылай финалында Геннадий Головкиннің қарсыласы болған еді. Геннадий ол айқаста ұпай санымен жеңіске жетті. 

Соңғы жаңалықтар