USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Элеонора Столярова: Мемлекет басшысы өз мәлімдемесінде талай мәселенің басын ашты

2022 жылғы 14 қаңтар 04:40
Бөлісіңіз:
Элеонора Столярова: Мемлекет басшысы өз мәлімдемесінде талай мәселенің басын ашты

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – С.Аманжолов атындағы ШҚУ «Алтайтану» ғылыми-зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері Элеонора Столярова ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Мәжілісінің отырысында жасаған мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қасым-Жомарт Кемелұлы Парламент Мәжілісінің отырысында талай мәселенің басын ашты. Өзім ең әуелі Президенттің елдегі түрлі салалардағы проблемаларды жүйелі түрде терең талдап айтқанына риза болдым. Саяси жағдайды тұрақтандыру барысында түйіні тарқамаған сол мәселелердің екінші қатарға ысырылмағандығы қуантты. Қазақстан үшін түрлі институттарды түбегейлі реформалау өте маңызды болып отыр. Әсіресе экономикадағы, әлеуметтік саладағы қазіргі ахуал көп өзгерісті, батыл әрекетті талап етеді», - деді Элеонора Столярова.

Әлеуметтану ғылымдарының кандидаты өз сөзінде Мемлекет басшысының мәлімдемесі мұқым елге сенім сыйлағанын жеткізді.

«Президентінің қасында оның үмітін ақтайтын, Қазақстан халқының үдесінен шығатын, ең күрделі міндеттерді шешуге көмектесетін білікті адамдардың көптеп жиналуына тілектеспін. Соңғы қайғылы оқиғалар бізге сабақ болуы тиіс. Әр адам осыдан ой түйіп, оңды шешім шығарғаны жөн», - деді С.Аманжолов атындағы ШҚУ «Алтайтану» ғылыми-зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT