Елена Рыбакинаның жұптық сында Мадридтегі қарсыласы анықталды

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакинаның жұптық сында Мадрид ATP 1000 турниріндегі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Е.Рыбакина ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге екінші айналымда украиналық Марта Костюк – румыниялық Елена Габриэла Руземен шеберлік байқасады.

М.Костюк – Е.Рузе бастапқы кездесуін тағы бір қазақстандық Анна Данилина – мажарстандық Тимея Бабошпен өткізді.

Бұл матчта бірінші партияда украиналық-румыниялық жұп басым түсті – 6:4.

Екінші сетте А.Данилина – Т.Бабош дәл сондай есеппен есе қайырды – 6:4.

Супер тай-брейкте М.Костюк – Е.Рузе жеңісті жұлып алды – 12:10.

Осылайша, Мадрид мастерс жарысында Қазақстаннан Е.Рыбакинадан басқа ешкім қалған жоқ.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Мадрид мастерс турнирінің үшінші айналымына шыға алмағанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Сергей Квак әлем чемпионатына жолдама алу үшін барын салатынын айтты.

Қазақстандық теннисші Римдегі турнирдің финалына шықты.

Александр Бублик Мадридте әлемнің жетінші ракеткасына есе жіберді.


Соңғы жаңалықтар