Елена Рыбакинаның Рим мастерс турниріндегі қарсыласы анықталды

Фото: Фото: ktf.kz

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакинаның Рим WTA 1000 турниріндегі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш мастерс жарысы 8-21 мамыр аралығында өтеді.

Доданың жетінші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші жарысты екінші айналымнан бастайды. Онда әлемнің 60-ракеткасы, қытайлық Синьюй Ван немесе рейтингте 65-орындағы италиялық Ясмин Паолинидің біреуімен кездеседі.

Рим мастерс турниріне Қазақстанның екінші, әлемнің 51-ракеткасы Юлия Путинцева да қатысады. Оның қарсыласы іріктеу сайыстары біткеннен кейін белгілі болады.

Өткен жылы осы жарыста Е.Рыбакина мен Ю.Путинцева үшінші айналымға дейін жеткен еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннистен әлем чемпионаты іріктеу турнирінде Қазақстан жасөспірімдерінің қарсыласы анықталғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде рекордтық орынға көтерілді.

11 жасар қазақстандық теннисші Испаниядағы турнирдің жеңімпазы атанды.


Соңғы жаңалықтар