Елена Рыбакина жұптық сында Дубай турнирін сәтті бастады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина жұптық сында Дубай WTA 1000 турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге алғашқы айналымда осы жарыстың 8-ракеткалары болып тіркелген бельгиялық Кирстен Флипкенс - германиялық Лаура Зигемундпен кездесті.

Қазақстандық-ресейлік жұп 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Рыбакина мен Павлюченкова 2 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. Бельгиялық-германиялық бір брейкпен шектелді.

Е. Рыбакина мен А. Павлюченкованың келесі қарсыластары кейін анықталады.

Елена Рыбакина жекелей сында бастапқы кездесуін ертең канадалық Бьянка Андреескумен өткізеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Дубай турниріндегі қарсыласы анықталғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ, Александр Бублик Францияда Марсель жарысында бақ сынайды.

Соңғы жаңалықтар