Елена Рыбакина жеке рекордына қол жеткізді

None
Photo: ktf.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина өзінің рекордтық көрсеткішін жаңартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін қазақстандық теннисші Майами мастерс турнирінің екінші айналымында ресейлік Анна Калинскаяны 7:5, 4:6, 6:3 есебімен ұтты.

Бұл – оның қатарынан тоғызыншы жеңісі. Осыған дейін ол екі рет қатарынан жеті ойында қарсыластарын тізе бүккізген еді.

Сонымен қатар Елена Рыбакина WTA турнирлерінде виннер саны жөнінен бірінші орынға шықты. Оның есебінде 253 виннер бар.

Эйс саны (155) бойынша Елена әлем теннисшілері арасында екінші орында келеді.

Бүгінгі кездесуден кейін қазақстандық спортшы өз пікірін білдірді.

«Жеңгеніме қуаныштымын. Матчты екінші сетте бітіруіме болатын еді, алайда аздап күш-қуат жетіспей қалды. Менің қарсыласым қабылдау кезінде екі рет сәтті ойнады әрі өзім қосарлы қате жібердім. Сондықтан екінші сетте сәттілік жолдас болмады, дегенмен үшінші партияда өз жолымды тауып, жеңіске жеттім. Менде екі-ақ күн демалыс болды. Бүгінгі күн де ұзарып кетті. Матчты жай аяқтауға тура келді. Оған қоса мұнда корт, доптар – бәрі басқаша, сондықтан оңай тимей тұр. Дегенмен осы үш сет маған үшінші раундта көмектеседі деп үміттенемін», - деді Е.Рыбакина.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшілер жұптық сында Майами мастерс турнирін жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.

Елена Рыбакина Майами мастерс жарысының үшінші айналымына өтті.


Соңғы жаңалықтар