Елена Рыбакина жарақатына байланысты Доха турнирінің ширек финалына шыға алмады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 17-ракеткасы Елена Рыбакина Доха WTA премьер турнирінің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 1-ракеткасы, аустралиялық Эшли Бартимен кортқа шығуы тиіс еді.

Е.Рыбакина аяғынан алған жарақатына байланысты кездесуден бас тартты.

Қазақстандық теннисші жыл басынан бері бұған дейін WTA додаларында 25 матч өткізіп, соның 21-інде жеңіске жетті. Бұл - рекордтық көрсеткіш саналады. Төрт мәрте финалға шығып, соның біреуінде чемпион атанды.

Э.Барти Доха жарысының (жүлде қоры – 2,9 млн АҚШ доллары) ширек финалында әлемнің 16-ракеткасы, испаниялық Гарбинье Мугуруса немесе рейтингте 25-орындағы украиналық Даяна Ястремскаяның қай жеңгенімен шеберлік байқасады.

Дохада тағы бір қазақстандық, рейтингте 32-сатыдағы Юлия Путинцева бүгін ширек финалға шығу үшін әлемнің 9-ракеткасы, швейцариялық Белинда Бенчичпен таласады.

Ерлер арасында Қазақстанның бірінші, әлемнің 47-ракеткасы Александр Бублик Дубайда рейтингте 6-орында тұрған грекиялық Стефанос Циципаспен ширек финал жолдамасын сарапқа салады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын А.Бубликтің Дубай турнирінің екінші айналымына, Ю.Путинцеваның Дохада үшінші айналымға шыққанын, Е.Рыбакинаның әлемнің 1-ракеткасымен кездесетінін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар