Елена Рыбакина үздік қырық теннисшінің қатарына енді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Елена Рыбакина үздік қырық теннисшінің қатарына енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін жаңартылған дүниежүзілік рейтингте 20 жасар теннисші 43-тен 37-орынға көтерілді.

Бұған Е.Рыбакинаның Люксембургте табысты өнер көрсетіп, жартылай финалға дейін жетуі мүмкіндік берді.

Қарқынын биыл қатты үдеткен Елена Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцеваға рейтингте жақындап келеді. Ю.Путинцева 34-сатыда тұр.

Тағы бір қазақстандық Зарина Дияс 78-ден 79-ға сырғыды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Е.Рыбакинаның Люксембург турнирінің финалына шыға алмағанын, ал А.Бубликтің Венада негізгі жарысқа өтпегенін жазған болатынбыз.

Осы аптада қазақстандық Михаил Кукушкин Вена додасында өнер көрсетеді. Ол алғашқы айналымда хорватиялық Борна Чоричпен күш сынасады.

Соңғы жаңалықтар