Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің төртінші айналымына шықты
2022 жылғы 2 шілде 22:46

Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің төртінші айналымына шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің төртінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлыбритания ашық чемпионатының 17-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші үшінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 52-орында тұрған қытайлық Синвэнь Женмен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда тай-брейкте Е.Рыбакина сәттірек ойнады – 7:6 (7:4).

Екінші сетте есеп 5:5 болған мезетте Елена брейк жасай алды – 6:5. Содан кейін матчқа доп бергенде, өз мүмкіндігін жіберген жоқ – 7:5.

Екі сағатқа жуық уақытқа созылған бәсеке барысында Рыбакина 7 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді.

Е.Рыбакина «Үлкен дулыға» жарысының ширек финалына шығу үшін рейтингте 80-сатыдағы хорватиялық Петра Мартичпен таласады. Ол әлемнің 9-ракеткасы, америкалық Джессика Пегуланы ұтып кетті – 6:2, 7:6 (7:5).

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық жас теннисшінің Уимблдон жарысын жеңіспен бастағанын , Елена Рыбакинаның US Open чемпионын ұтқанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ қазақстандық жас теннисші алғаш рет Уимблдонда негізгі жарысқа жолдама алды .





Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT