Елена Рыбакина тұңғыш рет Уимблдон турнирінің жартылай финалына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлыбритания ашық чемпионатының 17-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ширек финалда дүниежүзілік рейтингте 44-орында тұрған аустралиялық Айла Томляновичпен кездесті.

Бірінші партия барысында алға кеткен аустралиялық теннисші сол басымдылығын сақтай алды - 6:4.

Екінші сетте Елена Рыбакина есе қайырды - 6:2.

Үшінші, шешуші партияда да қазақстандық спортшы қарсыласына дес бермеді - 6:3.

Екі сағатқа жуық уақытқа созылған матчта Е.Рыбакина 15 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді.

Осылайша, Е.Рыбакина қазақстандық теннисшілер арасынан алғаш рет Уимблдон турнирінің жартылай финалына өтт. Ол финалға шығу үшін әлемнің 18-ракеткасы, «Үлкен дулыға» жарысының екі мәрте жеңімпазы, румыниялық Симона Халеппен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Уимблдон турнирінің ширек финалына шыққанына қатты қуанғанын жазған болатынбыз.


Фото: ktf.kz


Соңғы жаңалықтар