Елена Рыбакина Токио Олимпиадасында төртікке енді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Токио Олимпиадасына қола жүлдесі үшін өткен матчта жеңіліп қалды деп хабарлайды Olympic.kz.

Елена кіші финалда әлемнің 6-шы ракеткасы, украиналық Элина Свитолинаға қарсы ойнаған болатын.

Тартысты матчтың бірінші кезеңін 6:1 есебімен Рыбакина өз еншісіне жазды. Екінші сетте ойын тай-брейкке дейін жалғасып, қазақстандық спортшы 6:7 есебімен тізе бүкті.

Үшінші сетте Елена Рыбакина 4:1 есебімен алда тұрып, нәтижесінде 4:6 есебімен қарсыласқа жол берді.

Осылайша, Елена Рыбакина қола жүлдеге қол жеткізе алмады. Десе де, Қазақстан теннисінің тарихында алғаш рет Олимпиадада төртінші орын иеленіп отыр.

ФОТО: Сали Сабитров, Қазақстан ҰОК


Соңғы жаңалықтар