Елена Рыбакина Серена Уильямстің тарихи нәтижесін қайталады

None
Фото: ktf.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина «Үлкен дулыға» турнирінің 23 дүркін чемпионы, америкалық Серена Уильямстің тарихи нәтижесін қайталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

OptaAce сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Елена Рыбакина соңғы төрт матчта 10 және одан көп эйс жасады.

Осылайша, ол Серена Уильямстің 2020 жылғы АҚШ ашық чемпионатындағы бірегей нәтижесін қайталады.

Қазақстандық теннисші Майами мастерс додасында Анна Калинскаямен бәсекеде 14, Паула Бадосамен матчта 12, Элиза Мертенспен өткен ойында 10 эйс жасаған еді. Соңғы Мартина Тревизанмен жекпе-жекте тағы 10 эйске қол жеткізді.

Қазақстанның үздік теннисшісі Майами жарысының жартылай финалына шыққандығы жөнінде былайша пікір білдірді.

«Әрине, маған ешқандай қысым жоқ. Мен мұның өте күрделі екендігін, ойыншылардың бәрі бірдей оған шыдас бере алмағанын білемін. Оның үстіне бір ойында матчболдан құтылдым, сондықтан мен шынында да жеребе туралы ойламаймын. Маған тек матчқа бар зейінімді салу керек, ал қарсылас күшті. Әрине, тамаша табысқа қол жеткізген жақсы, дегенмен оған әлі алыс», деді Е.Рыбакина.

Елена Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің 3-ракеткасы, америкалық Джессика Пегула немесе рейтингте 26-орында тұрған ресейлік Анастасия Потапованың біреуімен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның қатарынан үш матчта 10-нан астам эйс жасаған бірінші теннисші атанғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Қазақстан жасөспірімдері әлем чемпионаты іріктеу кезеңінің ширек финалына шықты.

Рыбакина жас теннисшілерге көмегі туралы: Мен оларды биіктен көргім келеді.

Ярослава Шведова елдің қолдауын сезіну үлкен бақыт екендігін мәлім етті.

Елена Рыбакина алғаш рет Майами мастерс турнирінің жартылай финалына шықты.


Соңғы жаңалықтар