Елена Рыбакина Рим жарысының екінші айналымына өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 17-ракеткасы Елена Рыбакина Рим WTA 1000 турнирінің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда іріктеу сайыстары жеңімпаздарының бірі, дүниежүзілік рейтингте 146-орында тұрған 19 жастағы ресейлік Элина Аванесянмен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда есеп 4:4 болған мезетте Е. Рыбакина төртінші брейкке қол жеткізіп, сосын өз геймін де алды – 6:4.

Екінші сетте есеп 5:3 болған кезде доп берген Э. Аванесян өз мүмкіндігін пайдалана алмады. Бұдан кейін қатарынан үш геймді алған Е. Рыбакина матчқа доп берген сәтті мүлт жіберді – 6:6. Дегенмен, тай-брейкте Елена қарсыласына бірде-бір ұпай берген жоқ – 7:6 (7:0).

Бір сағат 50 минутқа созылған матч барысында қазақстандық спортшы 2 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Қарсыласы 5 брейкпен (11 брейк-пойнт) ерекшеленді.

Е. Рыбакина жүлде қоры 2,5 млн еуродан асатын жарыстың үшінші айналымына шығу үшін рейтингте 102-сатыдағы америкалық Лорен Дэвиспен таласады.

Негізгі турнирге іріктеу сайыстарынан қосылған Л. Дэвис алғашқы айналымда әлемнің 13-ракеткасы, 2017 жылғы Ролан Гаррос додасының жеңімпазы, латвиялық Елена Остапенконы 6:2, 6:3 есебімен жолдан тайдырды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Рим турнирінің екінші айналымына шыққанын, Андрей Голубевтің Рим мастерс жарысын сәтті бастағанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар