Елена Рыбакина Ресейдің ең үздік теннисшісінен басым түсті

None
Фото: ktf.kz
МОНРЕАЛ. Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Монреальда (Канада) өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің 1/8 финалдық кездесуін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлемнің төртінші ракеткасы Рыбакина жартылай финалдың жолдамасы үшін ресейлік ең мықты теннисші, әлемдік рейтингте 14-ші нөмірлі Дарья Касаткинамен қарсыласты. Бірінші сетте Касаткина жеңіске жетті, есеп – 7:5, екінші ойында Рыбакина екі рет (1:3 және 3:4-тен) шеберлік танытып, 7:5 есебімен басымдыққа ие болды. Үшінші сетте барлығы Рыбакинаның пайдасына тай-брейкте шешілді – 7:6 (10:8). Матчтың ұзақтығы шамамен үш жарым сағатқа созылды.

Еске салайық, бұған дейін турнирде Елена Рыбакина US Open-2017 жеңімпазы америкалық Слоун Стивенсті оп-оңай алаңнан шеттеткен болатын.

Ширек финалда Рыбакина тағы бір ресейлік әйел Людмила Самсоновамен (WTA №18) ойнайды, ол бұған дейін швейцариялық Белинда Бенчичті турнирде жеңген еді.


Соңғы жаңалықтар