Елена Рыбакина Прагада өтетін теннис додасына қатысады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 10-16 тамыз күндері Прагада әйелдер теннисінен өтетін халықаралық додаға қатысатын спортшылар тізімі жарияланды. Аталған жарысқа қазақстандық теннисші Елена Рыбакина қатысады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Теннис бәсекесіне Симона Халеп, Белинда Бенчич, Петра Мартич, Маркета Вондроушова, Мария Саккари, Анетт Контавейт, Элизе Мертенс, Донна Векич, Даяна Ястремская, Каролина Мухова, Екатерина Александрова, Анастасия Павлюченкова және де Вероника Кудерметова сынды спортшылар қатысады.

Айта кетерлігі, аталған турнир сәуір айының соңына жоспарланып, коронавирус пандемиясына байланысты кейінге шегерілген болатын.

Жарыстың жалпы жүлде қоры - 225 мың доллар.


Соңғы жаңалықтар