Елена Рыбакина өткен жылғы Уимблдон финалындағы қарсыласы Онс Жабермен ойнайды

None
Photo: ktf.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакинаның Уимблдон турнирінің ширек финалындағы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемнің 6-ракеткасы, тунистік Онс Жабер төртінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 9-орында тұрған чехиялық Петра Квитованы оңай жеңді.

Бірінші партияда тунистік спортшы қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады – 6:0. Екінші сет те оның басымдылығымен өтті – 6:3.

Осылайша, ширек финалда О.Жабер мен Е.Рыбакина кездесетін болды.

Өткен жылы Уимблдонда соңғы бәсекеде Елена Рыбакина Онс Жаберді 3:6, 6:2, 6:2 есебімен қапы қалдырып, чемпион атанған еді.

Қазақстандық және тунистік спортшы осыған дейін өзара төрт мәрте ойнаған. Есеп тең – 2:2.

Е.Рыбакина – О.Жабер матчы 12 шілде күні орталық кортта өтетін болады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Михаил Кукушкиннің АҚШ-тағы жарыстың финалында есе жібергенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Елена Рыбакинаның Уимблдонның алдағы ойындарындағы мүмкіндігіне болжам жасалды.

Елена Рыбакина және Анна Данилина Уимблдонның ширек финалына жолдама алды.


Соңғы жаңалықтар