Елена Рыбакина Олимпиаданың жартылай финалында жеңіліп қалды

None
None
ТОКИО. ҚазАқпарат - Теннисші Елена Рыбакина Токио Олимпиадасының жартылай финалына тізе бүкті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Олимпиаданың жартылай финалында Рыбакина әлемдік рейтингте 12-ші орында тұрған швейцариялық Белинда Бенчичпен кездескен болатын.

Тартысты кездесу 2 сағат 44 минутқа созылып, Бенчич 7:6, 4:6, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Ендігі кезекте Елена Рыбакина Олимпиаданың қола жүлдесіне таласады.

Оның қарсыласы Элина Свитолина (Украина) және Маркета Вандорушова (Чехия) арасындағы матчтан соң анықталады.


ФОТО: Тұрар Қазанғапов, Қазақстан ҰОК


Соңғы жаңалықтар