Елена Рыбакина Наньчан турнирінің финалына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қытайдағы Наньчан турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемнің 69-ракеткасы Е.Рыбакина дүниежүзілік рейтингте 132-орында тұрған қытайлық Пэн Шуаймен кездесті.
Ойынды сәтті бастаған қазақстандық теннисші бірінші партияда 6:1 есебімен басым түсті. Екіншісінде қарсыласы есе қайырды - 6:3. Үшінші, шешуші сетте Рыбакина жеңіске жетті - 6:2.
Тартысты бәсеке 1 сағат 54 минутқа созылды.
Е.Рыбакина финалда әлемнің 78-ракеткасы, швециялық Ребекка Петерсонмен бас жүлдені сарапқа салады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Е.Рыбакинаның жартылай финалға шыққанын, ал Зарина Диястың Осака турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастағанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар