Елена Рыбакина Майамиде жартылай финалдағы қарсыласын ұта ала ма

None
Фото: ktf.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина бүгін кешке Майами WTA 1000 турнирінде жартылай финалдық кездесуін өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисшінің қарсыласы – әлемнің 3-ракеткасы, америкалық Джессика Пегула.

Джессика Пегула – WTA турнирлерінде екі мәрте (Вашингтон – 2019, Гвадалахара-2 – 2022) жеңіске жеткен теннисші.

Осыған дейін қос спортшы екі рет кездескен. Майами мастерс жарысында өткен жылы Е.Рыбакина үшінші айналымда Д.Пегулаға 3:6, 4:6 есебімен есе жіберген еді. Сондай-ақ америкалық теннисші өзі чемпион атанған Гвадалахара-2 додасында екінші айналымда тартысты бәсекеде ұтқан-ды – 2:6, 6:3, 7:6 (10:8).

Бұл жолғы бәсекенің де ауыр болатынын Е.Рыбакина айтты. Финалға шығуға қайсысы лайық – оны бүгінгі ойын көрсетеді.

Ширек финалда Майамиде күтпеген нәтиже тіркелді. Әлемнің 2-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенко дүниежүзілік рейтингте 74-орында тұрған румыниялық Сорана Кырстядан 4:6, 4:6 есебімен ұтылып қалды.

С.Кырстя финалға шығу үшін әлемнің 15-ракеткасы, чехиялық Петра Квитова немесе рейтингте одан үш саты төмен тұрған ресейлік Екатарина Александрованың біреуімен таласады.

Е.Рыбакина бұдан бұрын Индиан-Уэллс мастерс турнирінің финалында А.Соболенконы жеңіп, чемпион атанған еді. Мамандар осы жолы да олардың финалда жолдары тоқайласуы мүмкін екендігін болжаған еді. Соболенко жарыс жолынан шығып қалды. Рыбакина Пегуланы ұтқан жағдайда финалда басқа теннисшімен шеберлік байқасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Майами мастерс турнирінің жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Елена Рыбакина Серена Уильямстің тарихи нәтижесін қайталады.

Елена Рыбакина эйс жасау жөнінен әлем теннисшілерінің көшін бастады.

Қазақстан жасөспірімдері әлем чемпионатының жолдамасы үшін Жапониямен таласады.

Қазақстандық теннисші Испаниядағы жарыстың ширек финалына шықты.


Соңғы жаңалықтар