Елена Рыбакина Мадрид турнирін жеңіспен бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 18-ракеткасы Елена Рыбакина Мадрид WTA 1000 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жүлде қоры 6,5 млн еуродан асатын ірі жарыстың 16-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 93-орында тұрған франциялық Осеан Доденмен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда Елена екі брейк жасап, айқын басымдылық көрсетті - 6:2.

Тартысты өрбіген екінші сет те Рыбакинаның пайдасына шешілді - 7:5.

Бір сағат 20 минутқа созылған матчта қазақстандық теннисші 12 эйс жасап, 7 брейк-пойнтттың бесеуін өз есебіне жазды. Франциялық спортшы 4 эйс, 2 брейкпен шектелді.

Е.Рыбакина үшінші айналымға шығу үшін әлемнің 51-ракеткасы, чехиялық Катерина Синякова немесе рейтингте 66-сатыдағы хорватиялық Ана Конюхтың біреуімен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Мадрид турнирінің екінші айналымына шыққанын, Қазақстан жасөспірімдер құрамасының ӘЧ іріктеу сайысында үшінші орынға таласатынын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар