Елена Рыбакина қатарынан үш матчта 10-нан астам эйс жасаған бірінші теннисші атанды

None
Фото: ktf.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина биыл қатарынан үш матчта 10-нан астам эйс жасаған бірінші теннисші атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

OptaAce ресурсынан мәлім еткендей, қазақстандық теннисші бұл бірегей нәтижеге АҚШ-та өтіп жатқан Майами мастерс турнирінде қол жеткізді.

Е.Рыбакина ресейлік Анна Калинскаямен өткен матчта 14, испаниялық Паула Бадосамен болған ойында 12, бельгиялық Элиза Мертенспен бәсекеде 10 эйс жасады.

Елена Рыбакина ширек финалда әлемнің 24-ракеткасы, италиялық Мартина Тревизанмен шеберлік байқасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан жасөспірімдерінің теннистен әлем чемпионатына іріктеу сатысын сәтті бастағанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ қазақстандық теннисші Францияда негізгі турнирге жолдама алды.

Елена Рыбакина Майами мастерс турнирінің ¼ финалына шықты.

11 рет қатарынан жеңіске жеткен Рыбакина алдағы матч та оңайға түспейтінін айтты.


Соңғы жаңалықтар