Елена Рыбакина Индиан-Уэллс мастерс турнирінің төртінші айналымына шықты

None
Фото: ktf.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 22-ракеткасы, испаниялық Паула Бадосамен шеберлік байқасты.

Қарсыластар осыған дейін бес рет кездесіп, соның төртеуінде испаниялық спортшы жеңіске жеткен еді.

Бұл жолы Е.Рыбакина 6:3, 7:5 есебімен есе қайтарды.

Сағат жарымнан астам уақытқа созылған тартысты бәсекеде Е.Рыбакина 9 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. П.Бадоса 2 эйс, 1 брейкпен (6 брейк-пойнт) шектелді.

Елена Рыбакина жалпы жүлде қоры 8,8 млн АҚШ долларына бағаланған мастерс жарысының ширек финалына шығу үшін ресейліктер, әлемнің 8-ракеткасы Дарья Касаткина немесе рейтингте 66-сатыдағы Варвара Грачеваның біреуімен таласады.

Өткен жылы бұл додада финалда грекиялық Мария Саккариді ұтқан Польша өкілі, әлемнің 1-ракеткасы Ига Швентек жеңімпаз атанған еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Индиан-Уэллс мастерс турнирінің үшінші айналымына шыққанан жазған болатынбыз.

Сондай-ақ қазақстандық жасөспірім теннисшілер әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысады.


Соңғы жаңалықтар