Елена Рыбакина эйс жасау жөнінен әлем теннисшілерінің көшін бастады

None
Фото: ktf.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина эйс жасау жөнінен көш бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші биылғы маусымда 25 матчта 201 эйске қол жеткізді.

Франциялық Каролин Гарсия екінші, Беларусь өкілі Арина Соболенко үшінші орында.

Бүгін Е.Рыбакинаның жартылай финалдағы қарсыласы анықталды.

Әлемнің 3-ракеткасы, америкалық Джессика Пегула ширек финалда рейтингте 26-орында тұрған ресейлік Анастасия Потапованы 4:6, 6:3, 7:6 (7:2) есебімен ұтты. А.Потапова есеп 5:4 болған мезетте екі матчболын пайдалана алмады.

Екі сағат 35 минутқа созылған тартысты бәсекеде Д.Пегула 1 эйспен бірге 14 брейк-пойнттың сегізін өз есебіне жазды. Қарсыласы 1 эйс, 7 брейкпен (17 брейк-пойнт) көзге түсті.

Өткен жылы Майами жарысының үшінші айналымында Е.Рыбакина Д.Пегуладан 3:6, 4:6 есебімен ұтылып қалған еді. Сонда кеткен есені қайтара ала ма, оны алдағы матч көрсетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның қатарынан үш матчта 10-нан астам эйс жасаған бірінші теннисші атанғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Қазақстан жасөспірімдері әлем чемпионаты іріктеу кезеңінің ширек финалына шықты.

Рыбакина жас теннисшілерге көмегі туралы: Мен оларды биіктен көргім келеді.

Ярослава Шведова елдің қолдауын сезіну үлкен бақыт екендігін мәлім етті.

Елена Рыбакина алғаш рет Майами мастерс турнирінің жартылай финалына шықты.

Елена Рыбакина Серена Уильямстің тарихи нәтижесін қайталады.


Соңғы жаңалықтар